Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Д.Әбдуғалиев: Жаңа АПК бойынша істерді сотқа дайындау мерзімінің 15 күнге дейін ұзаруы – соттың заңды шешім қабылдауының кепілі (ВИДЕО)

Жаңа АПК бойынша істерді сотқа дайындау мерзімінің 7 күннен 15 күнге дейін ұзаруы – соттың заңды шешім қабылдауының кепілі, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Астана қалалық Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдуғалиев.
Астана қаласы 26 Қазан, 09:13

«Өздеріңізге мәлім, 2 жыл ішінде жаңа Азаматтық процессуалдық кодексті дайындау бойынша белсенді жұмыс  жүргізілді. 2014 жыл бойы кодекс кең талқыланған заң жобаларының бірі болды, бұл сотқа түсетін істердің 95 пайызы азаматтық және әкімшілік екенін көрсетті», - деді Д.Әбдуғалиев.

Қазіргі таңда Азаматтық процессуалдық кодекстің жобасы Парламентпен қолданып Мемлекет басшысының қол қойылуына жіберілді. Фемида жұмысының қызметкерлерінің айтуынша, заң жобасының редакциясына бірқатар өзгертулер енгізілген.

«Заңның жаңа редакциясында азаматтық істерді қарауда жеңілдіктер қарастырылған, сотқа дейінгі істерді реттеудің тәртібі енгізілді. АПК аясында ескі ұғымдар шеттетіліп, жаңа ұғымдар енгізілді. Сондай-ақ, сот актілерін қарауда кезеңділік бар. Сот пен судьяларды мамандандыру және өндірістің бірқатар түрін жекешелеу», - деді ол.

Аудандық сотың төрағасы АПК-да басты назар сот қарауының реттелуіне бағытталған. Егер қазір сот ісі 7 күн қаралса, жаңа АПК бойынша 15 күн қаралатын болады.

«Сот қарауына істерді дұрыс дайындау – сот шешімінің заңды қабылдауының кепілі.

Осыған дейінгі және жаңа АПК сот шешіміне дейінгі істі қарау қарастырылған. Бұл айыптау өтінішінен кейін сотқа дайындалатын іс, ол кезде тараптар шақырылып, олардың пікірі талқыланатын кез. Ол дауды шешетін құжаттарды таныстыру қажет. Сот ісін дайындауда барлық құжаттардың түрлері дайындалуы тиіс», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 





Яндекс.Метрика