EXPO-2017

Миландағы «ЕХРО-2015» көрмесінде қазақстандық павильонның милионыншы қонағын салтанатты түрде құттықтады

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны Бүкіләлемдік ЕХРО-2015 көрмесінде миллионыншы қонағын күтіп алды, деп хабарлады Ұлттық компания.
Әлемде24 Қазан , 12:04

Ол Италияның тұрғыны 57 жастағы Даниель Берго атанды. Ол өз елінде бағдарламалық консультант болып қызмет істейді.

Қазақстан Республикасының ұлттық секциясының Бас комиссары Әнуарбек Мусин Бүкіләлемдік «Expo Milano 2015» көрмесінде миллионыншы болып павильонды көруге келген Даниель Бергоны салтанатты түрде құттықтап, Қазақстан Республикасын көру үшін 2 адамға арналған сертификатты сыйға тартты.

Елімізге барып-келу әуебилетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми серіктесі «Эйр Астана» АҚ ұсынды. Осы тур аясында олар Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтау қалаларын тегін көре алады. Аталған қалаларға турды көрменің ресми серіктесі болған «Саят Travel», «Круиз», «Almaty City Tours», «Miras travel» пен «Турист» туристік компаниялардың қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

«Әлемді азықтандыру. Өмір энергиясы» деп аталған «EXPO Milano 2015» көрмесінде Қазақстан павильоны ерекше қызығушылыққа ие. Күніне шамамен 5 мыңнан астам адам келеді. Ол бүкіләлемдік көрмеде ең танымал әрі келушілері көп павильондардың қатарынан табылады. Көрменің ұйымдастыру комитетінің жүргізіп отырған халықтық дауыс беруде Қазақстандық павильон алдыңғы қатардан табылып отыр.

Қазақстандық павильон 3000 шаршы метр аумағы бар екі қабатты ғимарат. Тақырыбы «Қазақстан – мүмкіндіктер әлемі». Сыртқы пішіні еліміздің ауыл шаруашылық мәдениетінің негізі болып табылатын бидай сабағына ұқсатып жасалған. Ішкі мазмұны 6 аумақтан тұрады: ауыл шаруашылығы, жануар шаруашылығы, аквамәдениет, экология, жер шаруашылығы және Қазақстан туралы таңғажайып дүниелер. Экспозицияларда интерактивті және мультимедиялық технологиялар барынша пайдаланылған. Ол әрбір келушінің назарын ерекше аудартады. Бүкіләлемдік ЕХРО көрмесінде Қазақстандық павильонды елімізден келген итальян және ағылшын тілін еркін меңгерген 150 ерікті жұмыс жасайды.

 




Яндекс.Метрика