Адами капитал

Ғарышкер А.Айымбетовты ҰР Әуе қорғаныс күшінің төс белгісімен марапаттады (ФОТО)

Бүгін ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштарымен өткен кездесуде тәуелсіз еліміздің алғашқы ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов жиналғандардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Астана қаласы 23 Қазан, 17:26

Кездесуге келгендердің бірі Айдын Айымбетовтен ғарышта оны, әсіресе, не таңқалдырғанын сұрады. 

«Мен үшін ғарышта бәрі қызық болды. Ең бастысы, ғарыштан жердің керемет көрінісі ашылады, бұл таңғажайып сұлулықты сөзбен айтып жеткізу қиын. Ғарышкерлер Жерге оралғаннан кейін «Жер – ғажайып» деп айтып жатқан кезде, әсірелеп айтып жатқан шығар деп ойлайтынмын. Бұл көріністі өзім көргеннен кейін, шын мәнінде, Жердің таңғажайып екеніне көз жеткіздім. Жердің айналасында түк жоқ, ал ішінде қайнаған өмір, туған жерің мен үйің», - деді ерекше тебіреніспен ғарышкер. 

«Екінші, ғарышкерлер жұмысымызды толық аяқтағаннан кейін балалар секілді қуанып, көңіл көтердік. Ғарыштағы салмақсыздықта Бэтмен секілді ұшып көрдік. Сондай-ақ кімнің бағдардан таймай, бірқалыпты ұшып өтетінін сынап көру үшін жарыс та ұйымдастырдық», - деп еске алды А.Айымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа «СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесімен 2 қыркүйекте аттанып, Жерге 12 қыркүйекте аман-есен оралды. Айдын Айымбетов ғарышта экология, физика және медицина саласында ондаған ғылыми зерттеу жүргізді. Оның қатарында Арал және Каспий теңіздерінің жай-жапсарын бақылау, шаңды дауылдардың қозғалысын назарда ұстау және мұнаймен ластану деңгейін бағалау міндеті бар. Бұған қоса, ол ғарышқа қазақтың ұлттық тағамдарын ала барды.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика