Адами капитал

Шымкентте «Парасатты полицей» байқауы мәреге жетті

Ағымдағы жылдың 22 және 23 қазан күндері Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда тәртіп сақшыларының қатысуымен республикалық «Парасатты полицей» байқауы болып өтті. Полицейлер мемлекеттік тіл жөніндегі білімін ортаға салды. Бұл жолғы сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған, түрлі ұлт өкілдерінен құралған жалпы саны 100-ден астам тәртіп сақшыларының 20 командасы бақ сынасты.
Оңтүстік Қазақстан23 Қазан , 18:29

Мемлекеттік тіл жөніндегі білім жарысының мақсаты – тәртіп сақшылары арасында патриотизмді насихаттау және  қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.

«Парасатты полицей» республикалық байқауы биыл алтыншы рет өтіп отыр. Ол  ішкі істер саласында аз жылдардың өзінде  танымал, беделді шараға айналды, ондағы жеңістің де салмағы басым саналады.

Байқау нәтижесінде әділ-қазылар алқасының шешімімен  бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер депармаментінің «15-ші өңір» командасы жеңіп алды. Екінші  орынды  Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің «Серт береміз» командасы, ал үшінші орынды Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің «Ұлы дала ұландары» командалары иеленді.

Байқау қорытындысында шараға қатысқан командаларды өзге де аталымдар бойынша  марапаттады, олар:

«Көрермен көзайымы» номинациясын –Шығыс қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің «Бірлігіміз жарасқан» командасы;

«Ұйымшыл команда» номинациясын –Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің «Каспий қырандары» командасы;

«Тапқыр команда» номинациясын –Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің «Үш бақытым» командасы;

«Өнерлі команда» номинациясын – Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің «Тараз қырандары» командасы;

«Тілегі мен тілі бір» номинациясын –Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің «Ертіс сақшылары» командасы.

«Парасатты полицей» байқауында жүлделі орындарды иемденген үздік командалар түрлі номинациялармен, кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс соңы облыстық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін  концерттік бағдарламамен ұласты.

Ал, «Парасатты полицей» республикалық байқауының көшпелі нышанын ОҚО ІІД-нің бастығы А.Оспанов Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің өкіліне табыстыды. Келесі, яғни 2016 жылы «Прасатты полицей» байқауы Ақтөбе қаласында өтетін болады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика