Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

М.Әбсеметов:Қазақстанның ДСҰ-ға енуі елді әдеттегіден ауқымды жұмыс істеуге міндеттейді (ВИДЕО)

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі көптеген мүмкіндіктерді ашып, елді әдеттегіден ауқымды жұмыс істеуге міндеттейді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Ұлттық мұрағаттың бас директоры Марат Әбсеметов.
Астана қаласы 24 Қазан, 11:03

«Дүниежүілік сауда ұйымы – бұл жұмыс, бізге көп жұмыс істеп бәсекеге қабілеттігімізді арттыру қажет. ДСҰ-ға ену елді әдеттегіден ауқымды жұмыс істеуге міндеттейді», - деді ол.

М.Әбсеметов атап өткендей,  бүгінде қазақстандық автоөндіріс  реселік нарыққа енуде. Қазақстан, оның айтуынша, шикізат беруші болып қалмау керек.

«ҚР Президенті  барлық елдермен достық қарым-қатынас орнатты. Инвестициялық тартымдылық бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде  біріншілердің қатарында. Біздің Президент құрған іргетасымыз мықты», - деді ол.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика