Евразиялық одақ

М.Әбсеметов: Қазақстан ЕАЭО құрылу идеясымен тарихи байланысқан (ВИДЕО)

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу идеясымен тарихи байланысқан, деді Strategy2050.kz АА берген экслюзивті сұхбатында Ұлттық мұрағаттың бас директоры Марат Әбсеметов.
Астана қаласы 23 Қазан, 20:03

«Біз өзіміз дербес өмір сүре алмаймыз, себебі   географиялық тұрғыда Ресеймен ірі одақтас болып отырмыз. Ең сәтті экономикасы бар Қытайдың өзі де бар. Қазақстанның орналасқан аймағы өте сәтті. Қазақстан Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орын тепкен. Еуразиялық одақта біз барлық  роблемамызды шеше аламыз, 2 млрд адам еуразиялық кеңістікте өмір сүруде»,-  деді М.Әбсеметов.

Оның айтуынша, Н.Назарбаевтың ЕАЭО-ны құру идеясы 1994 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде айтылды.

«Қытайдан Римге дейінгі созылған 7 мың км Ұлы жібек жолының бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Қазақстан бұл идеямен тарихи байланысқан», - деді ол.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика