Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша декларацияға 9 қазақстандық ЖОО ректоры қол қойды

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша декларацияға 9 қазақстандық ЖОО ректоры қол қойды.
Астана қаласы23 Қазан , 16:53

Декларация жастар арасында «нөлдік сабырлықты» қалыптастыруда жауапкершілікті арттыру үшін қабылданды, жемқорлыққа қарсы күресті қамтамасыз ету үшін және мұндай әрекеттердің болмау жолында жұмыс істеуге бағытталған, оның заңды түрде жазалануы үшін бағытталған.

«Жоғары оқу орындарында «Құқық негіздері» пәніне Қазақстанның жемқорлыққа қарсы күрес саясаты бөлімі енгізіледі. Аталмыш өзгерістер «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының және ҚР-ның 2015-2017 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын орындау аясында енгізілмек», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев«Осыған орай, республикалық оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен 2015 жылғы шілде айында барлық ЖОО-лар үшін «Құқық негіздері» пәнінің жаңа типтік бағдарламасы мен «Жемқорлыққа қарсы күрес» оқу-әдістемелік құралы бекітілді.

Жаңа типтік бағдарламаға «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес саясаты» бөлімі енгізілді. Онда жемқорлықтың, жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің, антижемқорлық этикасы және «Мәңгілік ел» идеологиясы аясындағы қазақстандық қоғам мәдениетінің позициялары сынды жайттар кірген», - деді ол.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика