Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда «Сот кабинеті» арқылы 380 мың өтініш берілді (ВИДЕО)

Қазақстанда «Сот кабинеті» арқылы 380 мың өтініш келіп түсті, деді Астана қаласының Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдіғалиев Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 23 Қазан, 16:19

«Ақпараттық технологияларды соттарда қолдануды дамыту мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі енгізілді. Айтып кетсек, Жоғарғы Сот ел тұрғындары үшін сот жүйесінің барынша ашық әрі қолжетімді болуын көздей отырып, заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

«Сот кабинеті келешекті ақпараттық сервистердің бірі болып есептеледі. Мәселен, өтініштер электронды түрде түскен кезде канцелярия қызметкерлеріне түсетін қысым азаяды. Аталмыш құжат сот канцеляриясында тіркеліп, сот мамандарына жіберіледі», - деді Д.Әбдіғалиев.

Айта кетейік, келіп түскен өтініштердің саны ҚР Жоғарғы соттың сайтында көрсетіледі. Бүгінгі таңда 380 мың өтініш қаралған.

«Қазіргі таңда аталмыш электронды қызметті азаматтар кеңінен қолданады. Қазіргі уақытта Есіл аудандық сотында өтініштердің барлығы дерлік  электронды түрде келеді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика