Адами капитал

Астанада «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Астана қаласы23 Қазан , 15:23

"Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиын жағдайларына тап болған 200 мыңнан астам азаматқа көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты. Олардың арасында өмірдің қиындығына тап болып, мойымай, қиындықты жеңе білген мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны басым. Ауыртпалыққа қарамастан, олар өз өмірлерін толыққанды әрі батырлықпен, асқан ұстамдылықпен жалғастырып қана қоймай, өзгелердің де мәселелерін шешіп, олардың тіршілік алаңында өз орындарын орнықты табуына көмектесіп келеді", - деді Т.Дүйсенова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» ұйымдастырумен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткен шараға Парламент депутаттары, мемлекеттіік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Мүгедектер, жасы ұлғайған адамдарға және тағы басқа халықтың ерекше тобының өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау – ҚР ДСӘДМ қызметінде басымдыққа ие. 

Биылғы жылы аймақтық комиссия 124 өтінішті қарастырып, 26 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды.

Құрамына министрліктің, БАҚ-тың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясының мүшелері ҚР ДСӘДМ сайтындағы берілген дауыстардың нәтижесін есепке ала отырып, 3 инновациялық жобаны анықтады.

Сонымен қатар, онлайн дауыс берудің нәтижесінде ең көп дауысты (5042) Павлодар облыстық Жанна Жанжігітованың «Жан күйзелістері бар адамдар үйі» жобасы жинады. Жоба авторына құнды сыйлық берілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Үш жылдың ішінде «Үздік әлеуметтік жоба» атағын алу үшін байқауға 317 өтініш қабылданып, оның 64-і жеңімпаз атанған болатын. Жеңімпаздардың жалпы санынан 10 жоба өз қаражатының есебінен орындалып жатса, 25 жоба демеушілер мен қарастырылған қаражаттың көмегімен, 28-і мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырылып келеді. 

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика