Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Т.Балықбаев: Жастардың жемқорлыққа төзбеушілік рухта тәрбиеленуін е ЖОО ректорлары жауап беруі тиіс

Жастардың жемқорлыққа төзбеушілік рухта тәрбиеленуін е ЖОО ректорлары жауап беруі тиіс .Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес үйлестіру кеңесінде ҚР Білім және ғылыми вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.
Астана қаласы23 Қазан , 15:18

«Тұжырымдама қызметінің көкжиегі кеңейді. Соның бірі ректорлардың жемқорлыққа қарсы күрес декларациясын қабылдау бағытындағы жұмыстар. Біз бұған дейін айтып келдік, жемқорлық аxуалын, жастарды жемқорлыққа төзбеушілік рухта тәрбиелеуді қадағалайтын боламыз. Студенттердің жемқорлыққа деген төзбеушілік сезімін қалыптастыруға ректорлар жауап береді. Бұл бағыттағы жұмыстар әрбір ректорға персоналды түрде тапсырып отыратын боламыз. Әсіресе, мемлекеттік ректорларға қатысты. Бұл сіздердің жұмыстарыңызды бағалаудың бір бөлігі болады. Яғни, біз түрлі бағалау әдістерін өткізіп отырамыз», - деді ол. 

Брифинг барысында Министрлік өкілдері Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі (2013-2015 жылдар) аясында орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзіреттері мен жауапкершілік аймағын айқындаушы ведомствоаралық қарым-қатынастың тиімді моделі қалыптасқандығын атап өтті. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аймақтарды дамыту бағдарламаларына мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі көрсеткіштер енгізілді. Сонымен бірге, аймақтарды дамыту бағдарламаларына жастармен жұмыс жүргізу бойынша көрсеткіштері де енгізіген.

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Өңірдерде бизнес жүргізуді қалаушылардың әрбіріне «бір терезе» принципі бойынша ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды.Жас отбасыдардың тұрғын үйді жалға алуын қолдау бойынша бағдарламалар жүргізілуде.




Дерекнама

Яндекс.Метрика