2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

2016 жылдан бастап Қазақстанда жастардың республикалық форумдары өткізіледі

2016 жылдан бастап Қазақстанда жастардың республикалық форумдары өткізіледі, деді ОКҚ-да Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
Астана қаласы23 Қазан , 15:03

«Біз келер жылдан бастап республикалық және өңірлік жастар форумын өткіземіз. Бұл жастар саясаты талқыланатын арнайы форумдар болады», - деді вице-министр.

Т.Балықбаев атап өткендей, аталмыш форумдарда әр түрлі орган жастары қатыса алады.

Сондай-ақ, тұжырымдаманың басымды іс-шаралары қатарына еңбекпен, жұмыспен, қолжетімді баспанамен қамту, жастар кәсіпкерлігін қолдау, сонымен бірге, студенттердің спорттық лигалары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, халықаралық жастар ынтымақтастығы, әскери-патриоттық тәрбиелеу тәрізді басымды бағыттар жөніндегі шаралар енгізілді.

Жастар ортасындағы ахуалды жан-жақты зерттеу мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ашылып, жыл сайын «Қазақстан жастар» ұлттық баяндамасы шығарылуда.

Аталған жұмыстың басымды бағыттардың тағы бірі ретінде мемлекетік жастар саясатын ақпараттық сүйемелдеу болып табылады. Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып жастарды әлеуметтік желіліер аясында ақпараттандыру жұмыстарын бастады. «Вконтакте», «Facebook», «Instagram», «Twitter» және т.б. танымал әлеуметтік желілерінде 50-ден астам республикалық дәне өңірлік деңгейдегі жастар ұйымдары ашылып, олардың жастарды қамту деңгейі 80 мың адамнан асты.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика