Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығына экономиканың басым салаларын дамыту жөніндегі 23 салалық бағдарлама қабылданды

2010-2014 жылдары экономиканың басым салаларын дамыту жөніндегі 23 салалық бағдарлама, аумақтарды дамытудың, бизнесті қолдаудың 16 бағдарламасы қабылданды. Заңнамалық база жаңартылып, салаларды дамыту саясаты жүйеге келтірілді, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Казахстан23 Қазан , 18:14

50 заңға түзетулер әзірленіп, енгізілді 3 жаңа заң қабылданды: «Индустриялық-инновациялық қызметтті мемлекеттік қолдау туралы», «Еркін экономикалық аймақтар туралы», «Энергияның тиімділігі және энергия үнемдеу туралы». Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама жетілдірілді: заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізілді, 2013-2014 жж «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға 400-ден астам түзетулер енгізілді, олар 2015 жылғы қаңтарда қолданысқа енгізілді.

Энергетика және көлік инфрақұрылымы белсенді түрде дамуда. Бағдарламаны іске асыру кезінде инфрақұрылымды жетілдіру индустриялық даму басымдықтары ескеріле отырып, жүргізілді.

Энергетикада жаңа объектілерді іске қосу және қолданыстағыларын жаңғырту арқасында генераторлық қуаттар 1,7 ГВт-ға артты.

3900 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңартылып, 1689 км жаңа темір жолдар салынды.

 

 




Яндекс.Метрика