Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Т.Балықбаев: Қазақстанда 29 жасқа дейінгі 140 адамнан астам адам әкім қызметін атқарып отыр

Қазақстанда 29 жасқа дейінгі 140 адамнан астам адам әкім қызметін атқарып отыр, деді білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
Астана қаласы23 Қазан , 14:31

«Қазір жастардың билік сайлауына қатысу белсенділенуде. Бүгінде 29 жасқа дейінгі  143  адам әкім лауазымында отыр. Ол 2013 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға көп», - деді ҚР БҒМ вице-министрі.

Т.Балықбаев атап өткендей, қазір заңнамалық дәрежеде жастардың бірінші мамандықтар бойынша жұмысқа орналасауы кепілдендірілуде.

«Біздің елде жоғарғы білімге ие болу тәжірибесі байқаулық жолмен жүзеге асады. Қазір жастар орта білім алған соң нарыққа жоғары білімсіз шығатын проблема туып жүр. 11 сыныптан кейін 30 мың жас жоғары білімге бармаған жастар, техникалық кәсіптік білімге баруын заңды түрде бекіткелі жатырмыз.  Осы жылдан бастап біз бюджеттен мамандық алу үшін қаржы бөліп жатырмыз», - деді ол.

 Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика