Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қостанай облысында көмір өндіретін жаңа кәсіпорын құрылды

Қостанай облысында көмір өндіретін жаңа кәсіпорын құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қостанай24 Қазан , 10:34

«Түрк Қазына» ӘКК» ЖШС «Тобол» ӘКК бірігіп «Құшмұрын» тау кен орнында көмір өндіру жобасын жүзеге асырмақ. Бірлескен «Қазақ көмір энергетикалық компаниясы» құрылды.

«Тобол» ӘКК» АҚ мәліметінше, қазіргі таңда «Құшмұрын» кен-орнындағы табиғи байлықты қолдану бойынша құзыретті органда келісілді.

Келісім жүзеге асқалы, яғни 25 жыл бойғы уақытта 206,132 млрд теңгені құрады. Аталмыш сома көмір өндіру мен келісім бойынша шығындарды өтеу жұмыстарын өзі қаржыландырады. Кәсіпорын 250 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.

Келер жылы кен-орнында дайындық жұмыстары жүргізілетін болады. Көмір өндіру 2017 жылға жоспарланып отыр. Жобалық құндылық жылына 5 млн тонаны құрап отыр.

2016 жылға таман инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды. Оның 560 млн теңгесі темір жолды жөндеуге бағытталатын болады. 




Яндекс.Метрика