Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Жамбыл облысында 200 орындық перинаталды орталық ашылды

Жамбылдықтарға Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тағы бір әлеуметтік нысан - 200 орындық облыстық ана мен бала орталығы падалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл23 Қазан , 19:47

Жамбылдықтарға Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тағы бір әлеуметтік нысан - 200 орындық облыстық ана мен бала орталығы падалануға берілді.

Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаев жамбылдықтарды облыстағы әлеуметтік маңызы жоғары денсаулық сақтау нысанының ашылуымен құттықтады.
«Жылдан-жылға халқымыздың демографиялық жағдайы жақсаруда. Жаңа ана мен бала орталығы жамбылдықтар үшін жақсы сый болмақ. Аталған нысан құрылысын жүргізген жандарға алғыс білдіремін. Орталық заманауи талаптарға сай әрі ана мен бала үшін барлық жағдай жасалған», - деді облыс басшысы.

Орталықта 200 орын бар. Медициналық нысан ауқымы мен техникалық құралдар барлық талаптарға сәйкес келеді.

« Жамбыл облысында 3 жыл ішінде 45 медициналық нысан салынды. Бүгінде 2 аурухана мен емхананың құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы медициналық құралдар мен инвентарь (мүлік) үшін 1129,0 млн.теңге бөлінді», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар орталықтың салтанатты ашылуына медицина қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері қатысты.
Өңір басшысы орталық қызметкерлеріне еңбекте сәттілік тіледі.

 




Яндекс.Метрика