Адами капитал

Биыл әскери қызметшілерге арналған шамамен 100 мың шаршы метр баспананы күрделі жөндеу, салу және сатып алу жолымен тапсыру жоспарлануда

2015 жылы күрделі құрылыс және сатып алу, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне арналған тұрғын үй қорындағы баспананы жөндеу арқылы шамамен жалпы ауданы 92 580 шаршы метр 1 324 пәтер қарастырылған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 23 Қазан, 19:17

Бүгінгі күні Астана, Алматы, Тараз, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жаркент, Теміртау, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларында жалпы ауданы 12 855 шаршы метр 187 пәтер сатып алу жүзеге асырылды.  Сонымен бірге, тағы да 154 әскери қызметші мен олардың отбасылары жылдың басында күрделі жөндеуден кейін жаңартылған баспанаға қоныстанды.

Гвардейск кентінде 52 пәтерлік тұрғын үй, Шеңгелді кентінде 60 пәтерден тұратын үй тапсырылды.   Күні бұрын толық жаңартудан өткен, қалпына келтірілген, кірпіштен қаланған жатақханада 42-ге жуық пәтер Ақмол кентіндегі әскери бөлімде  қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге тапсырылды. Күрделі жөндеуден кейін бұл тұрғын үйлерде терезелер, есіктер, жабын және инженерлік желілер толық ауыстырылды, қасбет жөнделді. 

Жақын арада күрделі құрылыс арқылы Астана қаласында жалпы ауданы 29 704 шаршы метр тұрғын үй мен 298 пәтерден тұратын жатақхана тапсыру жоспарлануда.  Нысандарда құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды, әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2009 жыл мен 2014 жыл кезеңінде Қазақстанның әртүрлі қалалары мен өңірлерінде қызмет өткеріп жүрген 6 300-ден аса әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесі шешілді. 6 336 пәтер, оның ішінде 273 пәтерден тұратын 201 жекежай пайдалануға берілді. 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика