Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР БҒМ: Қазақстанда жұмыс жастарының саны 2,2 млн адамды құрайды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз алған Білім және ғылым вице-минитрі Тахир Балықбаев Қазақстанда жұмыс жастарының саны 2,2 млн адамды құрайтындығын атап өтті.
Астана қаласы23 Қазан , 13:54

«Бағдарламаның бірінші кезеңінде (2013-2015 жылдар) орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері мен жауапкершілік аймағын айқындаушы ведомствоаралық қарым-қатынастардың тиімді модельдерін қалыптастыруға жол ашылған. Бүгінгі таңда Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығындағы 4,5 млн адам болса, яғни еліміздегі әрбір төртінші тұрғын жастар санатына жатады», - деді вице-министр.

Айта кетейік, брифинг барысында министрлік өкілдері мемелекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасының бірінші кезеңін іске асырудың қорытындысы жайында өрбіген болатын. 

«Соңғы  2 жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі  5,5 пайыздан 4,5 пайызға дейін қысқарды. Екінші – қылмыс деңгейі де соңғы жылдары қысқаруда. Осы жылы қылмыстық көрсеткіш 10,7 пайызға немесе 3 мыңға қысқарды», - деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика