ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Павлодар облысында мұнай коксын қыздырудың технологиялық процесі іске қосылды

«УПНК-ПВ» ЖШС-де Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен мұнай коксын қыздырудың технологиялық процесі іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар23 Қазан , 19:32

«Бұл тек Павлодар облысы үшін ғана емес, жалпы, бүкіл республикамыз үшін өте маңызды оқиға. Қолданылып отырған технологиялық жабдыққа ұқсас жабдық Қазақстанда жоқ. Облысымыз қыздырылған мұнай коксының ірі өндірушісіне айналғалы тұр»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Қазіргі уақытта «УПНК-ПВ» ЖШС-де Индустрияландыру картасының «Қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт» инвестициялық жобасын іске асыру аяқталуда. Қазіргі уақытта технологиялық құрал-жабдықтар (ҚХР өндірген) әкелініп, 100% орнатылған. Электрмен және сумен жабдықтау желілері өткізілді. ӘТК, қойма орынжайларын, қосалқы өндірістер құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны 2015 жылғы желтоқсанда толығымен пайдалануға беру жоспарлануда.

Жоба бойынша жалпы инвестиция көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады, пайдалану кезеңіндегі жұмыс орындарының саны 320 адамды құрайды. Құрылыс барысында 300 адам тартылды. Жобалық қуаты - жылына 205 мың тонна қыздырылған кокс. Жобаның бас мердігері China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd (NFC) болып табылады.

УПНК коксты қыздыратын екі толығымен тәуелсіз желісі бар, олар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. Әрқайсысының жылдық қуаты - 102,5 мың тонна дайын өнім.

Мұнай коксын қыздыру – бұл шикі мұнай коксын 1250-1350°С дейін қыздыру үдерісі. УПНК негізгі шикізаты Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілетін шикі мұнай коксы болмақ.

Қыздырылған кокстың әлеуетті тұтынушысы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ болып табылады, ол өз кезегінде ҚХР-дан импортты 100% алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алда УПНК өнімінің бір бөлігі РФ мен Қытайға экспортталады. Негізгі өнім қыздырылған кокстан басқа УПНК артық жылуды кәдеге жарату бойынша торабын және күкіртті қосындылардан газды тазарту торабын өндіріс сұлбасына енгізу есебінен  электр энергиясы мен  гипс шығаруды жоспарлауда. Осының есебінен УПНК артығын басқа тұтынушыларға бере отырып, өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Жалпы өндірілетін энергия жылына 94 млн. квт, соның ішінде артығы жылына 62 млн. квт. Шығарылатын гипс көлемі жылына 4 мың тонна. Оған қоса, қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайту мақсатында кәсіпорында тазарту деңгейі 95%-дық шаң-газ-ұстапқалғыш жабдық кешені қолданылады, ал бұл аймақ экологиясы үшін өте маңызды.

 

 




Яндекс.Метрика