Парламент

Мәжілісте бағалы металдар мен асыл тастар туралы заң жобасына енген өзгерістер қаралады

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Халық қалаулылары назарына «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасы ілеспе құжатпен бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 23 Қазан, 13:49

Бұл құжат бағалы металдар мен асыл тастардың өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудің және бақылаудың бірыңғай заңнамалық негізін қалыптастыру, ұлттық заңнаманы үйлестіру және зергерлік өнеркәсіпті дамыту үшін жағдай жасау.

Сонымен қатар, жалпы отырыста спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралмақ.

Бұл заң жобасының негізгі мақсаты спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты құқықтық қарым-қатынастарды реттеу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуының алдын алу. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика