Басқару

ҚР Президентінің баспасөз қызметі Facebook желісінде AkordaBaspasoz атты жаңа парақшасын іске қосты

ҚР Президентінің Баспасөз қызметі 23 қазаннан бастап Facebook желісінде AkordaBaspasoz атты жаңа парақшасын іске қосты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлім етті.
Астана қаласы23 Қазан , 12:23

«Президенттің Баспасөз қызметі 23 қазаннан бастап Facebook желісінде AkordaBaspasoz атты жаңа парақшаны іске қосқалы отыр. Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысының қызметі туралы маңызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады», - дейді баспасөз хатшысы Д.Абаев ресми парақшада жариялаған түсіндірмесінде.

Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контенті де тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшеді.Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады.

«Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін», - деді Д.Абаев. 

 

 




Яндекс.Метрика