Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Темір жол машинасы кәсіпорны қазақстандық үлесті өсіре түсуде

Жаңа буынды отандық электровоз шығаратын «Локомотив құрастыру зауытында» 700-ден астам металл қаусырмалы жабдықтары жасалады, деп хабарлады ҚТЖ.
Казахстан23 Қазан , 20:21

Кәсіпорынның конструкторлық –технологиялық бюросы мен экспериментальдық сынақ цехы бірлесіп «Электровоз құрастыру зауыты» стандарттан тыс құрылғыларын жасауға кірісті.

КZ8 сериясындағы электровоздардың арбашаларына тапсырыстың көпшілік бөлігі орындалды. Қазіргі кезде кәсіпорын болашақ 64 арбашаның келісімін жасасты.  Алдағы уақытта ЛҚЗ осындай өнімдерді КZ4АТ жолаушылар электровозын шығаруды жоспарлап отыр.

Локомотив құрастыру зауыты «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагондарына арналған арбашаларды жасауға дайын. Кәсіпорын базасында биылғы жылы диплордың 55 жинағы келісімі жобаланып, жасалды.  ЛҚЗ кәсіпорнының өндірістік қуаты темір жол саласындағы металл қаусырмаларын уақытында және сапалы орындауға жеткілікті.

Темір жол көлігі машиналарын жасау кәсіпорындарының арасындағы серіктестік нәтижесінде өнімдердің қазақстандық үлесі күн санап артып келеді.

        

 

 




Яндекс.Метрика