Адамзаттық капитал

Қазақстанда жыл басынан бері 160 мың оқиғада балалардың конституциялық құқығы қорғалды (ВИДЕО)

Қазақстанда 2015 жылдың 9 айында 160 жағдайда балалардың конституциялық құқығы қорғалды, деді ҚР бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің тұрақты делегацияларының және ЕҚЫҰ Хатшылығының өкілдерімен кездесу барысында.
Астана қаласы 23 Қазан, 15:34

«Прокурорлардың басты назары әлеуметтік салада азамттар бостандығы мен құқықтарын қолдауға арналған. Бүгінде монополистердің заңсыз әрекетінен 20 мың азамат құтқарылды. Біз азаматтарды құқықтық қорғау бойынша жұмыстар жүргізудеміз.Осы жылы 72 мың қызметкер алдындағы 5,4 млрд теңге қарызы жабылды. Прокурорлар мүгедектердің құқығын белсенді қорғауда. Соңғы 4 жыл ішінде 16 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды. Олардың қолжетімділігіне 3 мың инфрақұрылымдық нысан бейімделді. 3 тоқсан ішінде 160 жағдайда балалардың құқығы қорғалды. Соңғы 2 жылда 1300 жетім баспанамен қамтылды», - деді А.Кравченко.

Ол атап өткендей, Қазақстан түрме халқы бойынша дамыған елдердің дәрежесіне жақын. Қазақстандық түрме халқының санын азайту  тәжірибесі Тунисте қолданылды.

 «Біз жеке қылмыстардың түрлері бойынша гуманизациялау бойынша шаралар қолдандық, бірақ, лаңкестік пен экстремистік қылмыстардың жазасын қаталдатып жатырмыз. Қоғам балаларға көрсетілген зорлық қылмысы үшін жазаны қаталдатуды қолдап отыр», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 





Яндекс.Метрика