Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ ток қабылдағыш құрылғыларды күтіп баптаудың айлығын өткізуде

ҚТЖ-да «Ток қабылдағыш- түйісу желісі» пойыз қозғалыс қауіпсіздігін жақсартудың алдын алу айлығы басталды. Айлық аясында локомотивтердегі ток қабылдау түйісу желілерінің жұмысын жақсарту шаралары жасалады, деп хабарлады ҚТЖ.
Казахстан24 Қазан , 11:36

«Ауа- райының тым қолайсыз жағдайлары кезінде ток қабылдау қондырғысы мен түйісу желілеріне мұз қатып қалады»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы -Магистральдық желі дирекциясының Электрлендіру және энергетика департаментінің бөлім бастығы Бейбіт Ахметов. 

Ол сондай-ақ, жылжымалы құрамның түйісу желілерінде мұз қатып қалу жағдайы электровоздардың тартым күшінің төмендеуіне әкеліп соқтыратындығын айтады.

Айлық аясында электрмен жабдықтау дистанциясы, жөндеу депосы, локомотив бригадаларында қалыптан тыс жағдайларда бірлескен техникалық сабақтар өткізіледі.

Айта кету керек, темір жол бойында 8 мың шақырымдық электрлендірілген телімдер бар. Барлық түйісу желілерінің жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайды. Айлық қараша айының соңында аяқталады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика