Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Астанада темірбетон үйлерді әдеттегіден 30% -ға арзан бағамен салу жоспарлануда (ВИДЕО)

Астанада 2016 жылдың басында «АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын әдеттегі бағадан 30% -ға арзанға салу жоспарлануда, деді Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында зауыт менеджері Ибрагим Арыстанбаев.
Астана қаласы 23 Қазан, 17:41

«Біз 2017 жылы ЭКСПО аяқталатынын  білеміз,  ағымдағы дағдарыс әсерінен  бәлкім  біздің өнімдеріміздің көп мөлшерде тұтынылмауы да мүмкін. Қазіргі уақытта көптеген құрылыс компаниялары  пәтер салуға  сұраныс болмаса оның құрылысын бастаудың қажеттілігі жайында ойланады. Біз оларға тәуелді болғандықтан    қазірдің өзінде біздің зауытты көп мөлшерде жұмыспен қамту жұмысын қарастырып жатырмыз.Біріншіден, біз жол және темір жол құрылысын жүргізу үшін  жаңа өнімдер шығаруға көшуді жоспарлап отырмыз. Екіншіден, біз тұрғын үй нарығына кіруді қажет етеміз. Біз қазірдің өзінде  өзіміз темір бетон үй салуды көздеп отырғамыз», - деді ол.

Зауыт директорының айтуынша, мұндай үйлер уақыт бойынша жылдам және 30 пайыз арзанға жүзеге асырылады.

«Барлық жұмыстар құрылыс алаңында жүзеге асырылады. Негізгі жұмыс зауыттың жабық нысанында жүзеге асырылады. Плиталар мен құбырларды біз құрылыс алаңында жинап, монтаждаймыз», - деді ол.

Компания жыл басында  мемлекеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

«Біз қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен, Қазақстандық ипотекалық компаниямен  келіссөздер жүргізудеміз. Қазіргі таңда үй жасаудың құрылыс-монолиттік жұмыстарымен айналысатын  жобалық жұмыспен келіссөздер жүргізілуде. Олардан жер учаскелерін алу үшін типтік жобалар алуға болады», - деді ол.

Айта кетейік, Астана бетон зауыты Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Астана – жаңа қала» АЭА аймағында орнатылды.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 





Яндекс.Метрика