Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстанда 5 жыл ішінде сотталғандардың саны 63 мыңнан 41 мыңға дейін қысқарды (ВИДЕО)

Соңғы 5 жыл Қазақстанның түрме халқының индексі бойынша рейтингі 22-ші деңгейден 49 орынға көтерілді. Сотталғандардың саны 63-тен 41 мың адамға қысқарды, деді Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің тұрақты делегацияларының және ЕҚЫҰ Хатшылығының өкілдерімен кездесу барысында.
Астана қаласы 23 Қазан, 12:54

«Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлемдік тәжірибе негізінде  оның ішінде германиялық қылмыстық құқық негізінде Венеция комиссиясымен қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделі енгізілді. Жаңа Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқарушылық кодекстер қабылданды. Өзекті бағыттар бойынша шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақтастық және жемісті келіссөздердің нәтижесінде қылмыстық сот өндірісі саласында АҚШ, Испания, Италия, Қытай, Венгрия және Канаданы қоса алғанда 44 екіжақты мемлекетаралық келісім-шарт жасалды.БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және өзге халықаралық ұйымдардың құқық қорғаушылық және терроризмге қарсы құрылымдарымен ынтымақтасуға ерекше мән беріледі. Кейінгі бес жылда Қазақстанға, соның ішінде Бас прокуратураға БҰҰ-ның 8 Арнайы баяндамашысы келді. Сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының бастамасымен және қолдауымен кейінгі екі жылда 40 бірлескен жоба жүзеге асырылды», - деді А.Кравченко.

Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, тұңғы рет қылмыспен келісу және өз мойнына алуды шешетін институттар енгізілді.

«Бүгінгі таңда қылмыс жасаған 1,5 мың адам өз кінәларын мойындады. Қазақстанды түрмелік ауыр жағдайы бар 50 елдің қатарынан шығару  бойынша жүргізіп отырған жұмыс аясында бостандықты шектеудің бірқатар нұсқасы берілген – бостандықты шектеу, қоғамдық және айыппұлдар», - деді ол.

Соңғы 5 жыл Қазақстанның түрме халқының индексі бойынша рейтингі 22-ші деңгейден 49  орынға  көтерілді. Сотталғандардың  саны 63-тен 41 мың адамға қысқарды

Ботагөз Айтжанова

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика