Ең төменгі әлеуметтік стандарт

ҚР-да қазан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 637 теңгені құрады

ҚР-да қазан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 637 теңгені құрады, деп ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан01 Қараша , 13:40

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 0,9%-ға төмендеді, 2012 жылғы қазанмен – 2,2%-ға өсті», - деп хабарламада нақтыланған.

 Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,7%, жемістер мен көкөністерді – 14,2%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15%, нан және жарма өнімдерін – 7,2%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 1,9%-ды құрады.




Яндекс.Метрика