Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Астананың Азық-түлік белдеуі шеңберінде биылғы жылғы бірінші тоқсанда 1000 бас ірі қараға арналған бордақылау кешені іске қосылады

Ақмола облысында Астананың Азық-түлік белдеуі шеңберінде 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынуда, оны үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан10 Қаңтар , 00:00

«Ақмола  облысында 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынуда. Етке арналған мал шаруашылығын «ҚазАгро» ұлттық холдингі  Астананың Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде қаржыландырған. Холдинг мамандарының айтуынша, бордақылау алаңшасын үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр», - делінген  ведомствоның хабарламасында.

Айналымды есепке алғандағы қуатын 2500 басқа дейін жеткізу жоспарланған жаңа кешен холдингтің қаржылық құралдары көмегімен жүзеге асырылған Астана Азық-түлік белдеуінің 61-ші  өндірістік нысаны болып отыр.

Жалпы бүгінгі күні осы 61 жобаның жалпы құны 28 млрд теңге болатын  56-сы пайдалануға беріліп, жұмыс істеп тұр. 5 жобаның жоспарлық іске қосылу мерзімі 2013 жылдың 4 тоқсаны деп белгіленген.

Өз кезегінде, Астананың Азық-түлік белдеуі бойынша холдниг қаржыландырған барлық жобалардың жалпы құны 33,8 млрд теңгені құрайды.

Ұлттық холдингтің мәліметтеріне сүйенсек, елордалық Азық-түлік белдеуіне Ақмола облысының 17 ауданы мен Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді, олардың аумағында  АӨК 70 астам кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу жұмыстарын жүзеге асырады.




Яндекс.Метрика