Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев: ЕҚЫҰ дағдарыстық жағдайларды шешуде негізгі рөл атқаруыц мүмкін

ЕҚЫҰ дағдарыстық жағдайларды шешуде негізгі рөл атқаруыц мүмкін.Хельсинки қорытынды актісі мен Астанадағы саммиттің мерейтойына арналған «ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері» халықаралық конференциясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ зиялылар тобының мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірді.
Астана қаласы23 Қазан , 10:43

«Жыл сайын бүкіл адамзат түрлі мәселелерге тап болып жатады, олардың ішінде соғыс, қақтығыстар, экономикалық дағдарыс, адамдарды заңсыз сату, босқындар, есірткі айналымы, пандемия, табиғи және техногендік апаттар, ядролық материалдарды тарату бар», - деді Қ.Тоқаев. 

«Біз алдымен тұралап қалған, кейін ұзаққа созылған қақтығыстардың куәсі болып отырмыз. Сондықтан біз бұрынғыдай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына үлкен үміт артамыз», - деп атап өтті ол. 

Сенат төрағасының пайымдауынша, 57 мемлекет, оның ішінде 4 ядролық держава кіретін бұл ұйым елдер арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етуі тиіс және бұл іс оның қолынан келеді. 

«Қырғи қабақ соғыс» шиеленіскен кезеңінде құрылған ЕҚЫҰ-ның Ванкуверден Владивостокқа дейінгі орасан кеңістікте бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда өзекті рөл атқарғаны белгілі. ЕҚЫҰ «қырғи қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін де халықаралық қарым-қатынаста оңтайлы температураны сақтап тұруда тиімді тетік болды. 40 жыл өткеннен кейін де бұл ұйым өз мәнін жоғалтқан жоқ, мемлекеттердің ұстанымы келісіліп, ұжымдық шешімдер шығарылатын теңдессіз диалог алаңы болып отыр», - деген пікір білдірді Қ.Тоқаев. 

 

 

 




Яндекс.Метрика