Экология

Степногорскте жыл соңына дейін 1000 ағаш пен көшет отырғызылады

Степногорскте қазан айының соңына дейін 1000 ағаш пен көшет отырғызылады. Қаланы жасылдандыруға «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, «Жас Отан» жастар қанаты, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет нысандары қатысты.
Ақмола 23 Қазан, 11:18

«Ақмола медиа орталығы» хабарлағандай, вокзал маңындағы ауданда алма ағашы пайда болады. Алма ағашының 50 көшеті «Степногрск-Автотранс» ЖШС арқылы алынды, ал Ақсу, Заводской әкімдіктері оларды отырғызудың барлық жағдайын жасады.

Орман даңғылы бойынша 200 метрге дейін бұта отығызылды, ол «Степногорск-Тазалық», ЖШС арқылы алынды.

Аурухана кешенінде де аймақ жаңғыртылды – 25 пирамидалық терек отырығызылды, 16 қарағайды қалалық емхана отырғызды. 20-ға жуық қарағайды туберкулезге қарсы диспансер қамтамасыз етті.

Степногорск қаласын жасылдандыру акциясы басталғалы 200 көшет пен 200 метр жерге ағаш отырғызылды. «СТЗ «Арыстан» мен «Мақсат» колледжі саябағында  50 көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Аталып өткендей, акция қазан айының соңына дейін жалғасады. Жаңа көшеттер қала ауданының өзге аудандарында пайда болады. Сондай-ақ, 100 ағаш Орман даңғылында «Нұр Отан» партиясы мен «ЕПК Степногорск» АҚ күшімен отырғызылады.





Яндекс.Метрика