Халықаралық интеграция

Коста-Риканың СІМ басшысы Астанада ҚР-ның БҰҰ ҚК тұрақты емес өкіліндігіне кандидатурасын қолдады

2015 жылдың 22 қазанында Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға ресми сапармен келген коста-рикалық әріптесі Мануэль Гонсалес сансомен кездесті.
Астана қаласы23 Қазан , 16:04

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда Қазақстан мен Коста-Рика ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамытудың келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

М. Гонсалес 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын өз елінің қолдайтындығы туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Е. Ыдырысов осындай шешім үшін әріптесіне ризашылығын білдірді және жаһандық сипаттағы проблемаларды шешудегі ортақ мақсаттар мен көзқарастарды ескере отырып, осы форматтағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды.

Келіссөздер шеңберінде сондай-ақ екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасында Саяси консультациялар туралы меморандумға қол қойылды. «Біз СІМаралық саяси консультацияларды диалог алаңының тетігі және ынтымақтастықтың келешегі зор өзара тиімді бағыттарын іздестіру үшін құрал ретінде қараймыз», – деп атап көрсетті Е. Ыдырысов.

Бұдан басқа, тараптар таяу уақытта екі елдің азаматтарының визасыз сапарлары туралы келісім жасасуға уағдаласты. Бүгінгі күні Қазақстан осыған ұқсас келісімді Латын Америкасының үш елімен – Эквадормен, Бразилиямен және Аргентинамен жасасты және қол қойды.

«Латын Америкасының қазақстандықтар арасында өсе түсіп отырған танымалдығын, жолға қойылған авиабағыттарды, сондай-ақ Сіздің елде демалудың қауіпсіздігі мен тамаша жағдайларын ескере отырып, біз болашақта Қазақстаннан Коста-Рикаға туристердің саны өсетіндігіне сенім артамыз», – деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.

«Коста-Рика инвестицияларды белсенді түрдет артуда, біз сияқты бизнес-қоғамдастықтар мен шетелдік инвесторларға арналған көптеген артықшылықтары мен жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақтар құруда. Сондықтан визасыз сапарлар туралы келісім жасасу кеңа уқымда, бірінші кезекте, сауда және бизнес желісі бойынша біздің елдеріміздің арасындағы байланыстар үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды. Латын Америкасы елдерімен КАРИКОМ туризм көзқарасы тұрғысынан үлкен қызығушылық туғызуда, сондықтан біз мұндай келісім мемлекеттерімізді елеулі түрде жақындататынына сенім артамыз»,– толықтырды ол.

Е. Ыдырысов сондай-ақ үлесі 95-98 пайызды құрайтын, энергияның қалпына келтірілетін көздерін пайдаланудағы Коста-Риканың бірегей тәжірибесін атап көрсетті. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының пікірі бойынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі баламалы энергетика саласында ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы тұғырнама болмақшы және көрменің жемісті өтуіне елеулі үлес қоспақшы.

Тараптар жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік саласында екі мемлекеттің ортақ көзқарастарын, атап айтқанда, ядролық қарусыздануды және оны таратпауды, терроршылдыққа қарсы күресті және даму мақсатындағы жаһандық күш-жігерді қолдауды атап өтті. «БҰҰ Бас Ассамблеясының өткен 70-ші сессиясында біздің президенттеріміздің тұрлаулы даму мақсаттарының пайдасына әскери бюджетті қысқарту сияқты ұқсас бастамалармен шығып сөйлегені назар аударады», – деп хабарлады ҚР СІМ басшысы. Ол сондай-ақ Коста-Рика өз егемендікті қорғауда халықаралық құқықтың құралдарына толық иек артып, әскерін таратқан бірегей ел болып табылатынына тап көрсетті. «Бұл тәжірибе жаһандық ауқымда пайдалы болуы мүмкін, сондықтан БҰҰ алаңында біз мемлекеттеріміздің басшылары айтқан бастамаларды ілгерілету үшін бірлескен жұмыс туралы уағдаластық»,–деп толықтырды министр.

ҚР СІМ басшысы М. Гонсалестің сапары Қазақстанның тарихында Орталық Америка мемлекеттерінің осындай жоғары деңгейдегі тұңғыш сапары болып отырғанын атап өтіп, қарым-қатынастың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі қарқынды дамуына, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара ықпалдастыққа үміт артты.




Яндекс.Метрика