«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Ақмола облысында тұрғын үй құрылысында 958,4 млн теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылуда

Ақмола облысында «Нұрлы жол» аясында 3,8 млрд теңгенің 14 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыс басшысының төрағалағымен өткен әкiмдiк отырысында облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров мәлiмдедi.
Ақмола23 Қазан , 11:02

Ол атап өткендей, жылуэнергетикалық инфрақұрылым саласында 2,7 млрд теңгенің 3 жобасы, тұрғын үй құрылысында – 958,4 млн теңгенің 10 жобасы, білім беруде – 150 млн теңгенің 1 жобасы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, 2015 жылы жергілікті автомобиль жолдарының жөнделуі мен қайта құрылысына 6,1 млрд теңге қарастырылған.

Б.Малғаждаров өңір жылу беру маусымына дайын екенін айтты. «Жанармай мен жөндеу жұмыстарын алу үшін 19 аудан мен қалада 2,4 млрд теңге бөлінді: Көкшетау – 1210 млн теңге, Степногорск – 150 млн теңге, Атбасар ауданы – 160 млн теңге, Бурабай ауданы  – 419 млн теңге, Буланды  – 87 млн теңге, Есіл – 91 млн теңге, Целиноград  – 50 млн теңге», - деді ол.

Оның айтуынша, осы жылғы 15 қазанда аудан мен қалада қатты жанармайдың қоры 120 пайызға қамтылған. 




Яндекс.Метрика