Адамзаттық капитал

ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет қайырымдылық марафоны өтеді

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тұңғыш рет «Әскери әулет» байқауының аясында әскери қызметшілердің қатысуымен жүгіруден қайырымдылық акциясы өтеді. Барлық жиналған қаражат Аружан Саинның «Балаларға өмір сыйла» атты қоғамдық қорына беріледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Қазан , 20:42

Астанадағы «Отан қорғаушылар» алаңына ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ақмола гарнизонының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құралымдарынан 500-ден аса әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жиналады.

Аталған алаңда «Әскери әулет» бірінші республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Осы орайда офицерлер қайырымдылық акциясы арқылы өздерінің мейірімділік пен қайырымдылық үлгісін қызмет пен Отан қорғау сияқты маңызды іс болып табылатынын көрсетпек.

Елорданың ниет білдірген тұрғындары мен қонақтары да қайырымдылық акциясы бойынша 5 шақырымдық жүгіруге қатыса алады. Жүгіру «Отан қорғаушылар» алаңында бастау алып, сол орында аяқталмақ. Қайырымдылық мақсатында жәшіктер орнатылып, оған балардың емделуіне қол ұшын бергісі келгендер өз үлестерін сала алады.

Қолдау мен  көмекке мұқтаж адамдарға жылулық пен қамқорлық сыйлау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі саналады. Әскери қызметшілер өздерінің жауынгерлік қызметтерін арттырып қана қоймай, қолдауға зәру жандарға көңіл бөлуге де уақыт таба алады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика