Өңірлер

Ақмола облысында БЖК-2020 аясында 54,1 млрд. теңгенiң 449 жобасы мақұлданған

Ақмола облысында БЖК-2020 аясында 54,1 млрд. теңгенiң 449 жобасы мақұлданған. Бұл туралы облыс басшысының төрағалағымен өткен әкiмдiк отырысында облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров мәлiмдедi.
Ақмола 23 Қазан, 10:29

«Облыста әрекет етушi 51 мың шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi бар. 2010-2015 жылдар аралығында «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша өңiрлiк үйлестiру кеңесi 54,1 млрд. теңге несие соммасына 449 жобаны мақұлдаған. 2015 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдауға республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлiнген. 2015 жылдың 1 қазанындағы мәлiмет бойынша 124 өтiнiм қолдау тапқан», - деді Бауыржан Малғаждаров.

Бауыржан Малғаждаровтың айтуынша «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының аясында «Моно қалалар, кiшi қалалар және елдi мекен кәсiпкерлерiнiң жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бағыты бойынша 6,9 млрд. теңгенiң 53 жобасы субсидияланған.

«Экономиканың басым секторы және өңдеу өнеркәсiбiн жүзеге асыратын қызметтермен айналысатын кәсiпкерлердi қолдау» туралы екiншi бағыты бойынша 524,5 млн. теңгенiң 24 жобасына несиелер берiлген.

«Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелiн азайту» туралы үшiншi бағыты бойынша 148,6 млн. теңгенiң 1 жобасы субсидияланған.

«Кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржылық емес шаралары» туралы төртiншi бағыты бойынша арнайы курстарда 5803 адам бiлiм алған, сервистiк қолдау бойынша 3164 адам қатысқан. Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы және аудандардағы кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары арқылы 2460 кәсiпкерге кеңес түрiндегi 4856 қызметтер көрсетiлген.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика