Адами капитал

Сыртқы істер министрлігінде ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасы талқыланды

Астанада Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен Қазақстанның ресми өкілдерінің қатысуымен «Адами өлшем бойынша диалогтік платформа» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.
Астана қаласы23 Қазан , 10:13

Іс-шараға сондай-ақ Венада аккредиттелген ЕҚЫҰ жиырма екі  елшісі қатысты.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, күн тәртібінде  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  1325 (2000) қарарының мәселелері, әйелдердің бітімгершілік миссияларға қатысуы, сондай-ақ мобильді қосымшалар жобасының тұсаукесері  "Менің депутатым"  мобильдік қосымшалары қарастырылады. 

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасы болды. Құжат қазірдің өзінде ұлттық және халықаралық құқық қорғаушылары, батыс мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЕО қызығушылықтарын тудырды. Кейбір адам құқықтары белсенділері құжаттың азаматтық сектор тетігіне айналатындығын айтты.

Осыған байланысты, отырысқа қонақтар мен қатысушыларға  Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәселенің мән-жайын түсіндірді. 

Құжаттың  халықаралық демократиялық стандарттарға тиісті құжат екендігі туралы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс істеуі бойынша Батыс тәжірибесіне негіздеу мәселелерін  Үсен Сүлеймен таныстырды. 

Қазақстанның азаматтық секторы заң жобасын теріс пайдалануға мүмкіндік беруге  ерте екенімен келіседі,  және осы заң жобасы бойынша  нормативтік- құқықтық актілерді әзірлеуде   мәдениет және спорт министрлігімен жұмыс жалғастыруға  дайын екенін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР СІМ «Адами өлшем бойынша диалогтік платформа» 2013 жылдың қаңтар айынан бастап консультациялық-кеңесшi орган ретінде қызмет етіп келеді. 




Яндекс.Метрика