Адами капитал

ҚР ҚК әскери қызметшілеріне арналған 150-ден аса пәтер осы жылы пайдалануға берілді

Ағымдағы жылдың басынан 154 әскери қызметші мен олардың отбасы күрделі жөндеуден кейін жаңартылған баспанаға қоныстанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 23 Қазан, 09:42

Оның ішінде 42 пәтер Ақмол кентіндегі 60 пәтер Шеңгелді кентінде және 52 пәтер Гвардейск кентіндегі әскери бөлімдерде қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге тапсырылды. Күрделі жөндеуден кейін тұрғын үйлерде барлық терезелер мен есіктер, жабын және инженерлік тораптар толық ауыстырылды, қасбет жөнделді.

Өткен он ай ішінде пайдалануға тапсырылған баспананың жалпы ауданы шамамен 21 367 шаршы метрді құрайды. Күрделі жөндеу Қазақстанның әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады.

Ол әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау және тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында баспана салу және дайын тұрғын үй сатып алумен қатар жүзеге асырылады. Соңғы бес жыл ішінде 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстанның әртүрлі қалалары мен өңірлерінде әскери қызметшілер үшін 6 336 пәтер, оның ішінде 273 пәтерден тұратын 201 жекежай пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн.  


 





Яндекс.Метрика