Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтеді

Астанада 27 қазанда Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің іскерлік қауымының қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумын өткізу жоспарланған.
Астана қаласы23 Қазан , 09:13

Жапондық тараптан экономика, машина жасау, авиация және ғарыш, электроника, химиялық өнеркәсіп, қаржы және мүлік, жүк тасымалдау, астық саласы, денсаулық сақтау саласының 100 компаниясы қатысады деп жоспарлануда, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.

«Іскерлік бағдарламалық бизнес – форумда В2В форматында жапондық компаниялармен кездесу өткізу және екіжақты құжаттрға қол қою қарастырылып отыр», - делінген хабарламада.

Форум аясында Қазақстан-Жапония инвестициялық жобаларының көрмесі өтеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика