Халықаралық интеграция

Қазақстан БҰҰ Дамуының жаңа ынтымақтастығына шықты – Е.Ыдырысов

Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен 20 салада ынтымақтастық орнатқан. Бұл жөнiнде БҰҰ 70 жылдығы тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiмдедi.
Астана қаласы22 Қазан , 18:29

«70 жыл әлем мазасыз және қатыгез заманды басынан кешiрдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымын құру тарихи сәт болды. БҰҰ 70 жылдың iшiнде әлемдегi шиеленiстi жою және тоқтату мақсатында жұмыс атқарды. Бүгiнде бiз экономикалық өзгерiстерге, климаттың өзгеруiне, ұлғайып жатқан жаһандық феномендерге куә болып отырмыз. Бұл ретте БҰҰ рөлiнiң маңызы артып отыр және БҰҰ осы проблемаларды шешуге өз үлесiн қосып келедi. Қазақстан бұл көпжақты жүйеде БҰҰ-ның басты рөлiн қолдайды. Қазақстандағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам», «Қазақстан - 2050» секiлдi стратегиялық бағдарламалары БҰҰ-ның күн тәртiбiне толық сәйкес келедi», - деген ол осыған байланысты Қазақстан тұрақты дамуға қол жеткiзу үшiн сәйкес партиялармен жұмыс жасауды жалғастыра беретiнiн айтты. 

«Бiздiң барлығымыз күрделi қиындықтармен бетпе-бет келемiз және сондықтан экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету керекпiз. Бiз Қазақстан мен БҰҰ арасында берiк ынтымақтастықты дамытып жатқанымызға қуаныштымыз. Бiз соңғы жиырма жыл бойы БҰҰ күнiн атап өтудемiз және жыл өткен сайын бiз үшiн оның маңыздылығы артып келедi. Айта кету керек, БҰҰ Даму бағдарламасымен 20 салада ынтымақтастық орнатқанбыз. БҰҰ болашақта iс-әрекетi әлдеқайда мықты әлдеқайда күштi ұйымға айналады деп үмiттенемiз. 70 жыл бұрын «Бiрiккен Ұлттар Ұйымы» терминi қоғам үшiн түсiнiксiз болатын. Ал қазiр БҰҰ құрамында 193 мемлекет бар. Сондықтан, бүгiнде адамдардың құқығын қорғау аса қажет», - дедi министр. 

Дөңгелек үстел барысында БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунның бейнеролик арқылы жолдаған үндеуi көрсетiлдi. Бас хатшы бейнероликте биылғы жылы өзiнiң жасы 70-ке толатынын және ұйымның 70 жылдығы екенін атап өтіп, үндеу жолдаған.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика