Қалаларға шоғырлану

Астана темір жол вокзалында жолаушыларды тексеру жүйесі 2018-2019 жылдары енгізіледі

Астана темір жол вокзалында жолаушыларды тексеру жүйесі 2018-2019 жылдары енгізіледі. Бұл туралы бүгін жолаушы тасымалдау сапасын және теміржол вокзалдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері талқыланған кеңесте «Вокзал-сервис» АҚ вице-президенті Марат Бекішев мәлім етті.
Астана қаласы22 Қазан , 17:58

«Бүгінде 17 вокзал анықталып, жобалау-сметалық құжат әзірленді. Тексеру қондырғыларын орнату сызбанұсқалары бірлескен жұмыс тобында бекітіліп, есеп-қисап жүргізілді. Сөйтіп, 17 вокзалды тексеру жүйесімен қамтамасыз ету үшін 78 қондырғы жиынтығы қажет. Қондырғылар қымбат», - деді М.Бекішев. 

Оның сөзінше, бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізу көзделіп отыр. 

«Жолаушыларды тексеру жүйесін енгізуді республиканың батыс өңірінен бастамақпыз. 2016-2017 жылдары Ақтөбе, Атырау, Орал темір жол вокзалдарында, ал Астана вокзалында 2018-2019 жылдары тексеру қондырғыларын орнату жоспарланған», - деп нақтылады «Вокзал-сервис» АҚ вице-президенті.




Яндекс.Метрика