Мәдениетті жаңғырту

А.Мухамедиұлы: Гуманитарлық ынтымақтастық – халықтар арасындағы өзара ынтымақтастықтың мықты іргетасы

Гуманитарлық ынтымақтастық – халықтар арасындағы өзара ынтымақтастықтың мықты іргетасы, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Астана қаласы22 Қазан , 17:48

«Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық форумы қоры құрылғалы 9 форум өткізілді, шараларда мәдениеті, білім беру, ғылым, ақпарат, спорт  және туризм салалары талқыланды. Осы жылғы мерекелік форум Астанада өтуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан ТМД құрылғалы бері елдердің  мәдени-гуманитарлық сала мен өзге салаларда көпжақты ынтымақтастығы жолында жұмыс істеді», - деді министр.

Министрдің айтуынша, аталмыш форум гуманитарлық саланың өзекті сұрақтарына бағытталған.

«Бұл форум жаңа бастамалар мен жобаларға бастама болады деп ойлаймыз. Мәдениет диалогі – өзара ынтымақтасуға, жақындасуға және проблемаларды тиімді жолмен бірлесіп шешуге бағытталған орта. Гуманитарлық орта елдер арасындағы даму мен қалыптасу іргетасы болып есептеледі», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтуде.Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды.Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек. 

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика