Мәдениетті жаңғырту

И.Алиев: ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы ынтымақтастықтың кеңеюіне әсер етеді

ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы ынтымақтастықтың кеңеюіне әсер етеді, Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевтың үндеуін форум аясында Әзірбайжан Республикасының білім және ғылым министрі Михаил Чингиз Оглы Джаббаров оқып берді.
Астана қаласы22 Қазан , 20:01

«Форумға жиналған ТМД шығармашылық және зиялы қауым өкілдерін құттықтаймын. Осы жылғы талқылау ортақ құндылықтар мен мәдениет диалогін қалыптастыру мен дамуда өзіндік үлесін қосады деп ойлаймын», - деді Әзірбайжан Президенті.

И.Алиев атап өткендей, Әзірбайжан өркениет  тоғысында тұрып әр түрлі мәдениеттің өзара байланысын қолдап келді.

«Бұл орайда жарқын мысал ретінде өткен жылы Бакуде Халықаралық мультимәдениет орталығының ашылуын атауға болады. 2008 жылы Бакулік үрдіс Батыс пен Шығыстың мәдениетаралық диалогін қалыптастыруда өзінің үлесін қосты», - Әзірбайжан Президенті.

Айта кетейік, Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтуде.Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды.Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек. 

Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Пленарлық отырыс пен секцияларда ғылым мен білім, өнер қайраткерлері «Мәдениеттер диалогы ТМД-ның гуманитарлы ынтымақтастығы дамуының факторы ретінде», «Гуманитарлы ынтымақтастықтың Еуразиялық коды», «Мәдениеттер диалогындағы музейлердің рөлі» атты өзара кәсіби әрекеттестіктің сан қырлы аспектілерін талқылайтын болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика