Мәдениетті жаңғырту

С. Саргсян: Достастықтың маңызды шараларының бірі - шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы

Достастықтың маңызды шараларының бірі - шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы, деді Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянның үндеуін форум аясында Арменияның мәдениет министрі, ТМД елдерінің мәдени ынтымақтастық кеңесінің төрағасы Асмик Погосян.
Астана қаласы22 Қазан , 18:46

«Әр жылдары форумға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан қатысып жүр. Осы жылы форум барлығын Қазақстанның жас астанасы-Астанада жинады. Бүгін біз Достастықтың өміріндегі маңызды шаралардың бірі болып есептеледі. Форумның мерекелік шарасы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығымен келді. Алда ТМД-нің 25 жылдығы»,  - деді Армения Президенті.

С. Саргсян форумның барлық саладағы қозғаушы күш және гуманитарлық ынтымақтастық қызметін атқаратындығын айтып өтті.

«Жаһанданудың соңғы сынақтары форумның күн тәртібінде талқыланды. Біз бүгін ЮНЕСКО – «Мұра жолында бірігеміз» медиабастамасына назар аударамыз», - деді Армения Президенті.

Айта кетейік, Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтуде.Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды.Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек. 

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика