Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Шымкентте кондитерлік өнімдерді шығаратын жаңа зауыт ашылды

Шымкентте «Рахат-Шымкент» ЖШС-нің жаңа өндірістік алаңының ашылды. «Рахат-Шымкент» ЖШС-і Қазақстандағы кондитерлік өндірісте көп жылдық тәжірибесі бар «Рахат» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ.
Оңтүстік Қазақстан23 Қазан , 09:28

Жаңа өндірістік қуатты ендіру БСҰ аясында бәсекеге қабілетті жаңа өнімді шығаруға, республика халқының кондитерлік өнімдерге деген өнімін қанағаттандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке салықтың түсімін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.

Өндірістің жоспарланып отырған жылдық көлемі жылына 23 мың тонна  кондитерлік өнімді құрайды.

Осы жобаға салынған инвестиция 3 млрд. 200 млн. теңгені құрады.

 Ашылу салтанатына ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө.Исекешев, ҚР ИДМ     «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдері, ОҚО әкімі Б.Б.Атамқұлов, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р. Әбдірахымов,  Lotte Confectionery президенті Ким Ионг Су, «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Но Манг Ко, «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы А.С.Зенков, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Cho Yong Chun және басқалар қатысады деп күтілуде.

 

 

 




Яндекс.Метрика