Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемқызметкерлердің еңбеақысына жұмыстың тиімділігі мен нәтижесі әсер етеді

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбеақысына жұмыстың тиімділігі мен нәтижесі әсер етеді, деді Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов ОКҚ-дағы брифингте.
Астана қаласы22 Қазан , 15:32

«Еңбекті бағалаудың жаңа әдісі енгізілді, жұмыстың нәтижесі мен өнімділігінен мақсатты көрсеткіштер белгілі болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша  еңбек ақыны төлеу осы жүйеден шығып есептеледі. Барынша тиімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметкер қосымша бонустарға ие болады», - деді С.Ахметжанов.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы талқыланып, қабылданды. Аталмыш құжатты депуттарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров таныстырған болатын. Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оның дербестігіне бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірлеген.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика