Өңірлер

Талдықорғанда жетім балаларға пәтер берілді (ФОТО)

Талдықорған қаласында жетім балаларға арналып салынған 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй кілттері салтантты жағдайда тапсырылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы 22 Қазан, 19:43

Жаңа қоныс иелеріне кілт ұсынған облыс әкімі Амандық Баталов:

«Бүгін ел болашағы жастарымыз үшін – қуанышты күн. Сіздердің жандарыңызды ата-аналарыңыз болмағанмен, тәуелсіз еліміз бар, әкелік қамқорлығын аямайтын Елбасымыз  бар. Облысымызда «Нұрлы жол» бағдарламасының барлық бағыттары қамтылып, биыл да жалғасып келеді. Бүгінгі игілікті қуаныш соның бір жарқын көрінісі. Жаңа баспаналарыңыз құтты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Өмір жолдарыңыз ашық болсын», - деп тілектестігін білдірді.

Қоныстанушылар атынан Денис Морозов сөз алып, «Мен өмірде екі байлық бар деп білемін, бірі – отбасы, екіншісі – баспана. Менің отбасым бар, ал екінші байлық - баспананы бүгін сіздер сыйладыңыз. Осы толайым игілік үшін Президентімізге, облыс және қала басшыларына шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деді. 

Бас мердігер «Шымыр» ЖШС бұл коммуналдық үйдің құрылысын өткен жылдың тамызында бастап, биылғы жылдың қазанында толығымен аяқтады.

Бес қабатты нысанның жалпы сметалық құны 348,5 млн. теңге.  Мұнда бір бөлмелі 28 пәтер, екі бөлмелі 32 пәтер бар және пәтерлердің жалпы алаңы 3170 м2 құрайды.

Бұл коммуналдық үй жетім балаларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында арнайы салынды.  

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика