ҚР ИИДМБ

Ақмола облысында ИИДМБ екінші бесжылдығы аясында 426,7 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылады

Ақмола облысында ИИДМБ екінші бесжылдық жоспары аясында 7,1 мың тұрақты жұмыс орнын құру арқылы 426,7 млрд теңгенің 40 жобасын іске асыру жоспарлануда, деп хабарлады әкімдік.
Ақмола23 Қазан , 08:57

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  хабарлауынша, биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай  бойынша  химия өнеркәсібінде (135,7%) , металлургия (123,9%), азық-түлік өнімдерін өндіру (102,8%) өсу деңгейі байқалған.

«Алтынтау Көкшетау»  ЖШС,  "Қазақалтын" АҚ , Райгородок ЖШС  өндіруші компаниялар  1,7 есеге өсіммен 14 тонна алтын өндірді.

Қосымша көлем мен қуат   мен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында  енгізілді. ИИДМБ  жұмыс істегелі 2010 жылдың   1 қазанынан бастап 2015 жылдың 1 қазанына дейін 142,8 млрд теңгенің 52 жобасы жүзеге асырылды. 

Ол ИИДМБ-нің  екінші бесжылдығы аясында  426,7 млрд теңгенің 40 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Ол 7,1 мың тұрақты жұмыс орнын ашады. Оның ішінде, 2015 жылы 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. ИИДМБ аясында осы жылы 21,3 млрд теңгенің 3 жобасын жүзеге асыру арқылы  149 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.




Яндекс.Метрика