Өңірлер

Қызылорда облысының өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 92,1%-ды құрады

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 92,1%-ды құрады.
Астана қаласы22 Қазан , 19:03

Қызылорда облыстық әкімдігінің хабарлауынша, өндірістің кемуі облыстың Қызылорда қаласы және Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында байқалды. Облыстың басқа өңірлерінде өндіріс көлемінің өсуі тіркелді.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 90,9%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,0%-ға өсті. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда нақты көлем индексі 99,7%-ды құрады.

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте нақты көлем индексі 101,0%-ды құрады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика