Парламент

М.Әшімбаев: Қазақстанда меморгандар ақпарат беруден бас тартқан жағдайда 100 АЕК айыппұл төлеу жүйесі енгізіледі

Парламент Сенатында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
Астана қаласы22 Қазан , 14:06

Аталмыш заң жобасында ақпаратқа иелік етушілердің заңдылығы, ашықтығы мен айқындылығы, ақпараттың шынайылығы мен толықтығы, өзектілігі мен заманауилығы, ақпаратқа бірдей қолжетімділік пен мемлекеттік құпияларды жария етпеу туралы т.б принциптер анық көрсетілген.

«Құпияландыруға ғана емес шектеудің өзіне жол берілмейтін ақпараттар тізімі әзірленген. Аталған ақпараттар тізімі айтарлықтай толықты. Олар террорлық акті жасалғаны туралы, өрт қауіпсіздігі жағдайы, санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, азық-түлік қауіпсіздігі, республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастыру мен жарату туралы ақпараттар кіреді.Заң жобасында ақпарат иелері болып есептелетін субъектілер тізбесі нақтыланған. Оларға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жатады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда ұлттық компаниялар мен мемлекеттің 100% қатысуы бар компаниялар жеткілікті. Бұл орайда квазимемлекеттік сала мен ұлттық компаниялар жұртшылықтың өз ақпараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету керек», - деді М.Әшімбаев.

Ақпарат иелерінің тағы бір тобы – бюджеттік қаржыны алушы заңды тұлғалар. Олар мемлекеттік емес құрылымдар да болуы мүмкін. Мысалы, ҮЕҰ, ЖШС немесе АҚ. Егер заңды тұлға бюджеттік қаржыны алатын болса, сол қаржыны жұмсауға байланысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек.

 Сондай-ақ, аталмыш ақпаратқа қолжетімділікті нарық субъектілері ретіндегі басым және монополиялық жағдайдағы заңды тұлғалар, ТЖ табиғи және техногенді апаттар жайлы ақпаратқа ие заңды тұлғалар қамтамасыз ету тиіс.

«Ақпаратқа қолжетімділіктің өзге де түрлеріне жазбаша және ауызша өтініштер, ақпаратқа иелелік етушілердің ғимараттарында ақпараттың орналасуы жатады. Сондай-ақ, ақпарат БАҚ-та және мемлекеттік құрылымдардың интернет-ресурстарында жариялануы мүмкін. Дәл осы әдіс біз үшін ең маңызды болып саналғандықтан. Заң жобасында біз мемлекеттік органдар қандай ақпаратты және қандай уақыт аралығында интернет-ресурстарында жарияланайтынын мұқият қарастырдық», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика