Мәдениетті жаңғырту

ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XI форумы 2016 жылы ТМД-ның 25 жылдығына арналады

2016 жылы ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XI форумы ТМД-ның 25 жылдығына арналады, деді Беларусь Республикасының ақпарат министрі Лилия Анания ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумында.
Астана қаласы22 Қазан , 13:54

«Келер жылы ТМД    елдері  шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің  XI форумы  ТМД-ның 25 жылдығына арналады», - деді Л.Ананич.

Министр форум қатысушыларына Беларусь Президенті Александр Лукашенконың үндеуін оқып берді.

«Достастық беделді және сұранысқа ие болады, өзекті мәселелерді шешетін ортаға айналады. Біздің ынтымақтастығымыздың тақырыптарының бірі ақпараттық өзара байланысу. Ақпараттың заманауи әлемде теңдесі жоқ. Медиа кеңістіктің, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары мақсатты дамуда. Ақпараттық бейімделуге жастар тобы жақын тұрады. Ол үшін біз өзіміздің рухани дамуымыз бен қалыптасуымызға  көңіл бөлуіміз қажет», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтуде.Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды.Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек. 

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика