Ұлттың денсаулығы

2015 жылы кохлеарлы импланты бар 111 қазақстандық балалар есту, сөйлеу бойынша оңалтудан өтті

Биыл республикалық бюджеттің есебінен кохлеарлы имплантация отасынан өткен 111 бала күндізгі және тәулік бойғы бақылау жағдайында отадан соң 15 күндік есту, сөйлеу оңалту курстарынан өтті, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Казахстан22 Қазан , 19:21

Аталған шара есту қабылдауы (дыбыстық сигналдарды қабылдау) мен ауызша сөйлеуді дамытуда қажетті кезең болып табылады. Бұл шарасыз ота тиімсіз болып саналады.

Оңалтудың басты мақсаты – баланы қоршаған ортадағы дыбыстарды қабылдау, ажырату, оның мағынасын түсінуге үйрету және тәжірибені сөйлеу машығын дамытуда қолдану.

Балалармен сабақты әртүрлі сала мамандары жүргізеді: сурдопедагогтар, логопедтер, дыбыс протезистері, аудиологтар және тағы басқалар. Сонымен қатар, есту, сөйлеу оңалту шараларын сапалы өткізу және тәжірибе алмасу мақсатында қосымша Украина мен Ресейден мамандар шақырылды.

Бұл шаралар кохлеарлы импланты бар балалардың ата-аналарына үй жағдайында үздіксіз, жүйелі түрде сабақтарды жүргізуде қажетті тәжірибе алуға көмектесті.

Есту, сөйлеу оңалту шаралары бойынша өткізілетін курстар кохлеарлы импланты бар мүгедек балаларды әлеуметтік қолдауды әрі қарай дамытуға, жедел ем шараларының тиімділігін арттыруға, аталған санаттағы балалар өмірінің сапасын жақсартуға, нәтижесінде оларды қоғамдық ортаға сәтті бірігуіне септігін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, кохлеарлы имплантант –саңыраулықпен ауыратын пациенттердің есту қабілетін қалпына келтіруге көмектесетін протез. Қазіргі таңда Қазақстанда 3 мыңға жуық бала құлақ ауруы салдарынан мүгедектік санатында. ҚР ДСӘДМ бастамасымен 2014 жылдан бастап республикада кохлеарлы импланты бар балалардың есту, сөйлеу оңалтуды өткізу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. 




Яндекс.Метрика