Парламент

Қазғарыш заңды түрде Байқоңырдағы экологиялық жағдайға мониторинг үшін жауапкершілік алады

«Байқоңыр» ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсерiне мониторингтi Ұлттық ғарыш агенттiгi жүргiзетiн болды. Бұл жөнiнде бүгiн Мәжiлiсте «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын таныстыру қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының орынбасары Мейiрбек Молдабеков мәлiмдедi.
Астана қаласы22 Қазан , 12:59

Заң жобасы Экологиялық кодекске «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш кемелерiн ұшырудың қоршаған ортаға әсерiне мониторинг жүргiзу құзыретiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттi органнан ғарыш қызметi саласындағы құзыреттi органға тапсыру бойынша өзгерiстер енгiзудi қарастырады. 

«Айта кету керек, тасымалдағыш зымырандарды iске қосу кезiнде «Байқоңыр» ғарыш айлағы жұмысының қоршаған ортаға белгiлi бiр әсерi болады. Бұл бiрiншiден, атмосфераға шығарылатын қалдықтар, одан кейiн штаттан тыс жағдайда токсиндi заттар да шығарылуы мүмкiн. Сондықтан Экология министрлiгiндегiлер «Байқоңыр» ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсерiне мониторинг жүргiзу мәселесiн ғарыш қызметi саласындағы бiздiң құзырлы орган жүргiзгенiн талап етуде», - деді ол.

«Бұл бiрiншiден, өте айрықша мiндет болып табылады, екiншiден, бұл мiндеттер ҚР Ұлттық ғарыш агенттiгi тiкелей жұмыс iстейтiн Ресейдiң ғарыш агенттiгiмен бiрлесiп жүргiзiледi. Мұны бiз сұраған жоқпыз, олардың өздерi осы қызметтердi бiзге берудi жөн көрдi. Бiз аталған қызметтi онсыз да жүзеге асырып жатқандықтан, қарсы келмей, ол қызметтi өз мойнымызға алатынымызды айттық. Бұл қызметтi iс жүзiнде атқарып келгенімізбен, заң жүзiнде солардың жауапкершiлiгiнде болатын», - деді М.Молдабеков.

Ал заң жобасындағы өзгертулерге сәйкес, Жердi қашықтықтан зондтау жүйесi лаңкестер мен қауiптi топтарды құрықтауға көмектесе алады ма деген сауалға вице-министр бұл әрекеттiң мүмкiндiктерi шектеусiз екенiн және мемлекеттiк қауiпсiздiкке қатысты болғандықтан артық еш мәлiмет бере алмайтынын айтты.

 

 

 




Яндекс.Метрика